• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Мамыр, 2024

12 жыл күттірген жүлде

99 рет
көрсетілді

«Қазақстанның танымал ауыр атлеті Анна Нұрмұхамбетова Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды» деген жаңалықты жанкүйерлер жылы қабылдады.

Кезінде жастар буыны арасындағы жарыстарда жақсы нә­­­тиже көрсеткен Анна 2012 жылы Лондонда алауы тұтан­ған Олимпия ойындарында 69 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, үздік бестікті түйін­деді. Оның көрсеткіші – 251 (115+136) кг. Алайда арада біраз уа­қыт өткеннен соң Беларусьтің қос спортшысы – аталған жа­рыстың қола жүлдегері Ма­рина Шкерманкова мен төр­тін­ші сатыға жайғасқан Дина Сазановецтің допинг қол­дан­ғаны анықталып, олар түрлі мерзімге үлкен спорттан шеттетілді. Соның арқасында Нұрмұхамбетова үшін­ші орынға көтерілді. Көп ұзамай күміс медальды иеленген румыниялық Роксана Кокоштың да қанынан рұқсат етілмеген дәрі-дәмектің нышаны табылып, ол да қатаң жазаланды. Осылайша, Лондон Олимпиадасының күміс жүлдесі біздің қызға бұйырды.

Күні кеше Перуде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі барысында Ха­­лықаралық Олимпиада коми­тетінің (ХОК) құрметті мү­шесі Иван Дибос Лондон Олимпиадасының күміс медалін Анна Нұрмұхамбетоваға салтанатты түрде табыс етті. Сөй­тіп, арада 12 жыл өткеннен соң жүлде өз иесін тапты.

Салтанатты рәсімде тол­қы­нысын жасыра алмаған Анна: «Перудегі әлем чемпионатына келгенімен қуаныштымын. Бұл жерде маған Олимпиаданың медалі табысталды. Қазір қан­дай сезімде екенімді құр сөзбен жеткізе алмаспын. Мені марапаттаған федерация мен ХОК мүшесіне өз алғысымды білдіремін. 2012 жылғы Олимпия ойындарының күміс жүлдегері атанғаныма қуаныштымын. Бұл – менің мансабымдағы ең ірі табыс. Осы жарысқа қатысып жатқан жас спортшыларға табыс пен төзім және сәттілік ті­леймін», деп ағынан жарылды.