• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Президент 28 Мамыр, 2024

Президент бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі

107 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Әзербайжанның мемлекеттілігі мен халықаралық беделін нығайту ісіндегі таңқаларлық жетістіктері осы тарихи датаның мән-маңызын арттыра түседі. Қазақстан бауырлас Әзербайжанның қол жеткізген табыстарына зор ықыласпен тілеулестік танытып, достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударады. Қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы туысқан халықтардың өсіп-өркендеуі жолында беки түсетініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке жалпыұлттық көшбасшы ретінде табыс, ал бауырлас әзербайжан халқына бейбітшілік, бақ-береке тіледі.