• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Бокс 28 Мамыр, 2024

Олимпиадаға жолдама: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы екінші кездесуін өткізді

489 рет
көрсетілді

Таиланд астанасы Бангкокте бокстан Париж олимпиадасының соңғы жолдамалары сарапқа салынып жатыр. Осы сында 63,5 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы екінші кездесуін өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Халықаралық турнирдің екінші сатысында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы түрік боксшысы Мизан Айкөлге қарсы шаршы алаңға шықты.

Аңдысып отырмай, бірден шабуылға көшкен тартысты бәсекеде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жеңіске жетті. (5:0)

Оның келесі қарсыласы - италиялық боксшы. Бұл жекпе-жек ертең, 29 мамырда өтеді.

Соңғы жаңалықтар