• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Мамыр, 2024

Ақтөбеде жаппай төбелес болып, бір жігіт көз жұмды

179 рет
көрсетілді

27 мамырдан 28 мамырға қараған түні Ақтөбеде жаппай төбелес болып, 9 жігіт аурухана жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.

Бірнеше жерден пышақ және оқ жарақатын алған 18 жастағы тұрғын жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Түнде Жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілген өзге 18-22 жас аралығындағы жігіттер де пышақ және оқ жарақаттарын алған.

Қалалық полиция басқармасы осы іске қатысы бар деген 4 күдіктіні ұстады.

«Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Адам өлтіру», «Бұзақылық» деректері бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», деді Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.