«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандардың айтуынша, елордада жаңбыр жауады, ал Шымкент пен Алматы қалаларында жауын-шашын күтілмейді.
29 мамыр күні ел ордасы Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14, таңертең және күндіз 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы - түнде 7-9, күндіз 18-20 градус жылы.
30 мамыр күні Астананың кей жерлерінде жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 9-14, күндіз 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы - түнде 8-10, күндіз 13-15 градус жылы.
31 мамырда көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 14-16 градус жылы болады.
Алматыда 29 мамыр күні көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 18-20 градус жылы болады.
30 мамырда да жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы - түнде 9-11, күндіз 20-22 градус жылы.
31 мамырда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы - түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы.
29 мамыр күні Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы - түнде 9-11, күндіз 26-28 градус жылы.
30 мамырда да жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 27-29 градус жылы болады.
31 мамырда ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 градус жылы болады.