• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 29 Мамыр, 2024

Жаздың алғашқы күні ауа райы қандай болады?

211 рет
көрсетілді

Синоптиктер көктем айының соңғы күндері мен жаздың алғашқы күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне көз жүгіртсек, алдағы үш тәулікте солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта, 1 маусымда республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.

«Қазақстанның оңтүстігінде жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтайды. 31 мамырда солтүстік-батыста, 31 мамыр-1 маусымда солтүстікте, 1 маусымда елдің шығысында, күндіз республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі», деді мамандар. 

Республиканың батысында, оңтүстігінде ауа температурасы +27+35°С дейін, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында +15+25°С дейін, оңтүстік-шығыста +22+27°С дейін, шығыс аймақтарда +10+20°С дейін төмендейді деп болжанып отыр.