• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Тағайындау 29 Мамыр, 2024

Параспорттық даярлау орталығының басшысы тағайындалды

152 рет
көрсетілді

Туризм және спорт министрлігінің Cпорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен Ержан Естаев «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған комитет төрағасының орынбасары Роллан Серіков ұжымды Ержан Естаевты тағайындау туралы бұйрықпен таныстырып, жұмыста жаңа басшыға сәттілік тіледі.

Ержан Есімханұлы 1983 жылы дүниеге келген. М.Әуезов атындағы университетті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша және Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Жергілікті мемлекеттік басқару», «Қаржы» мамандықтары бойынша тамәмдаған. Әр жылдары спорт мекемелерінде оқытушы және жергілікті атқарушы билік органдарында басшылық қызметтерде болды.

Аталған тағайындауға дейін Ержан Естаев Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы директорының қаржы және ұйымдастырушылық қызмет жөніндегі орынбасары болды және директордың міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.