• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Мамыр, 2024

Кедендік әкімшілендіру мәселелері

72 рет
көрсетілді

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Кедендік әкімшілендірудің проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Комитет төрағасы Сұлтанбек Мәке­жанов отырысты аша келіп, кедендік әкімші­­лендіруді жетілдіру мемлекеттік шекара ар­қылы өтетін тауарларды неғұр­лым тиімді бақылауға, кедендік баж бен салық алым­дарын жақсартуға, кәсіпкер­лердің шығын­дарын азайтуға, елдер арасын­дағы сауда қатынастарына деген сенім деңге­йін арттыруға, сондай-ақ еліміздің экономи­калық өркендеуіне ықпал ететінін атап өтті.

«Кедендік әкімшілендіру үнемі жетіл­діріліп отырады, бірақ сонымен бірге шешуді қажет ететін мәселелер де бар. Шекара маңындағы көлік инфрақұрылымы мен жол белдеулерінің техникалық жай-күйі, қауіптерді басқару жүйесінің жұмысы, кедендік шекара арқылы өтуді жеделдету және оңайлату, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ кеден органдарының мәртебесі негізгі проблема болып тұр», деп атап өтті С. Мәкежанов.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі өз кезегінде кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жұмыс­тары туралы айтып берді. Қазіргі кезде Қытай, Өзбекстан және Түрік­менстан шекарасындағы өткізу бекеттерін толықтай жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл өткізу қабілетін 6 есеге арттыруға, уақытты 2 сағаттан 25 минутқа дейін қысқартуға және сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайтуға мүм­кіндік береді. Шекарада топталып қалу­ды болдырмау үшін электронды кезек жүйесі әзірленді және енгізілді. Оны қолданғанда шекара маңындағы аудандар­да әлеуметтік және криминогендік жағдай жақсара түседі, республикалық маңызы бар жолдар бойында көліктің шоғырланып қалуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстел отырысына Қаржы мо­ниторингі агенттігінің, Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің, Бас прокуратура­ның, ұлттық экономика, көлік, өнеркәсіп және құрылыс, ауыл шаруашылы­ғы, цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрліктері­нің, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан кеден брокерлері қауымдастығының, сондай-ақ Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясының өкілдері қатысты.