• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Талбесік 30 Мамыр, 2024

Жыл соңына дейін жалғасатын науқан

116 рет
көрсетілді

Республика бойынша қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акция­сы Жамбыл облысында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел» ұранымен бас­­талып, әр аптада «Киелі мекен», «Таза өлке», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» атауларымен жалғасты.

Акция басталғалы бері өңірдің 214 мың тұрғыны іс-шараға белсенді түрде қатысты. Ресми дерекке жүгінсек, 1 600-ден аса тазалау жұмыстары жүргізілген. Жалпы алғанда, өңірді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына қазынадан 9,4 млрд теңге қарастырылған.

«Таза Қазақстан» экологиялық ак­­циясы аясында өңірдегі 60-тан аса та­рихи және мәдени ескерткіштің ма­­ңайы қоқыстан тазартылды. Мұн­дай жұмыс 143 саябақ пен гүл­бақ­тар­да жалғасын тапты. Бұдан бөлек, 816,6 ша­қырым каналдар мен арық-атыз­дарды, 3,1 мың шақырым көше мен ­ 99 мың ауланы қоқыстан тазарту жұ­мысы жүргізілді. Сондай-ақ облыс бойынша 60 мың көшет егіліп, 53 су­бұр­қақ іске қо­сылғанын айта кеткен жөн. Акция ­ая­сын­дағы жұ­мыс­тар жыл соңына дейін жал­ға­сады.

Жергілікті атқарушы билік кел­тірген дерекке сенсек, республика дең­гейінде қолға алынған акция аясында тұрғын үйлер мен жолдарды, тұр­ғындар игілігіне салынған демалыс аймақ­тарын жөндеу жоспарлан­ған. Жылы­ту маусымына дайындалуға қазы­надан 14,7 млрд теңге бөлінді. Биыл облыста 8,5 шақырым жылу желі­сі­ жөнделеді.

Қазіргі кезде Тараз қаласында ­«М-1»­ жылу магистралін қайта жаңарту жұ­мыстары жүргізіліп жатыр. Жы­лу­мен жабдықтау желісінің жалпы ұзын­дығы 6,1 км құрайды, оның 4,7 км жаңартылады. Жобаның жалпы құны 10,7 млрд теңгеге бағаланған. Құрылыс жұмыстары биыл қазанның 1-не дейін аяқталады.

Жергілікті биліктің айтуынша, жыл со­ңына дейін 300 шақырымға жуық ка­налды қосымша тазарту көзделген. Бүгінде Тараздағы Қапал, Үшбұлақ, Қа­ра­су-1, Қарасу-2, Төрегелді каналдарын механикалық тазарту жұмыстары бас­тал­ды.

Биыл Тараз, Жаңатас, Шу қала­ла­рында және Тұрар Рысқұлов ауда­нының Құлан ауылындағы 79 тұр­ғын үйді күрделі жөндеуден өткі­зу үшін республикалық бюджеттен ­5,9 млрд теңге қарастырылған. Соны­мен қатар Тараз қаласының ком­му­нал­дық меншігіндегі 6 үйде 99,6 млн тең­геге ағымдағы жөндеу жұ­мыс­та­ры жүргізілді. Ал «Қаратау құ­ры­лыс- 2030» ЖШС 685 млн теңгеге 11 көп­пә­тер­лі тұрғын үйдің сәулеттік кел­бе­тін жақ­сар­ту жұмысын бастайды.

 

Жамбыл облысы