• RUB:
    5.45
  • USD:
    465.52
  • EUR:
    498.2
Басты сайтқа өту
Бокс 30 Мамыр, 2024

Париж-2024: Қазақстан боксшысы финалда жұдырықтасады

2985 рет
көрсетілді

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде 29 мамырда Қазақстан боксшысы кезекті жеңісіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін филиппиндік Кристиан Питт Лорентті және түркиялық Мизан Айколды тізе бүктірген 63.5 келідегі отандасымыз Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 1/8 финалда италиялық Джанлуиджи Малангамен кездесіп, 4:1 көрсеткішімен жеңді.

Енді 31 мамырда Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 1/4 финалда кубалық Эрисланди Альвареспен жұдырықтасады.

Соңғы жаңалықтар