Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандардың болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Көптеген өңірлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Тек еліміздің оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
«Температуралық фонға келетін болсақ, жаз ел аймақтарына өз әсерін тигізеді. Мәселен, республиканың солтүстігі мен орталығында ауа температурасы біртіндеп 17-27 градусқа дейін жылынады, ал елдің оңтүстігінде 27-35 градусқа дейін ысиды», делінген хабарламада.