• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 31 Мамыр, 2024

«Алаяқтық жасаған»: Алматыда ХҚКО басшысының орынбасары күдікке ілінді

80 рет
көрсетілді

Алматы қаласында арнайы ХҚКО басшысының орынбасары алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы №1 мамандандырылған бөлімі басшысының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

«Ол құжаттарды кедергісіз қабылдау және жүргізуші куәліктерін алу үшін автомектеп курсанттарын емтихан тапсыруға жіберу сылтауымен жергілікті кәсіпкерден 930 мың теңге сомасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденді деген күдікке ілінді. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген ведомство таратқан ақпаратта.

 

Алтынай АБДЫШ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті