• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2024

Асхат Хасенов «Ембімұнайгаз» жұмысымен танысты

258 рет
көрсетілді

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асхат Хасенов Атыраудағы еншілес кәсіпорындарында болды.

Алдымен Асхат Хасенов Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметі бойынша жиын өткізді.  Мұнда ол «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Абзал Досжановтың кәсіпорындағы қазіргі жағдай мен өндіріс жоспарының орындалу барысы туралы есебін тыңдады.

Сондай-ақ жиын қорытындысы бойынша А.Хасенов зауыттың сапалы және апатсыз жұмысын қамтамасыз ету, өндірістік бағдарламаны жүзеге асыру және экологиялық жобаларды уақытылы аяқтау жөнінде тапсырмалар берді.

Сонымен қатар ол «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) қарасты Жайықмұнайгаз мұнай-газ өндіру басқармасының базасында компания басшылығымен жиын өткізді.

EМГ Бас директоры Сәбит Арынов кәсіпорынның осы жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік-қаржылық қызметінің нәтижелерімен таныстырып, компанияның инвестициялық жобаларын іске асыру барысы туралы баяндады.

Айта кетейік, «Ембімұнайгаз» АҚ-да 2023 жылы мұнай және конденсат өндіру көлемі 2 млн 722 мың тоннаға жетті, жоспар бойынша көрсеткіш 2 млн 706 мың тонна болатын. Осылайша, компания былтыр  өндіру жоспарын 16 мың тоннаға асыра орындады. Сондай-ақ, 2022 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 5,5% өскен.

Сәтті жүзеге асыру ЕМГ-ге өнім өндірудің тұрақты деңгейін сақтауға, сондай-ақ, компанияның өндірістік нысандарын энергиямен қамтамасыз ету сенімділігіне мүмкіндік беретін геологиялық барлау жұмыстарының барысы талқыланды. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде 2023 жылы С.Нұржанов кен орнының Шығыс қанаты мен Солтүстік Уаз кен алаңы игерілді.

Сонымен қатар, жиын барысында компанияның мұнай қорларын тиімді игеруге ықпал ететін өнім өндірудің соңғы сатысындағы кен орындарында жүргізіліп жатқан геологиялық және техникалық іс-шаралар талқыланды.

А. Хасенов іс-сапар барысында сондай-ақ, еншілес кәсіпорындардың өндірістік объектілерді су тасқыны қаупінен қорғау үшін қабылдаған шараларын тексерді.