• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2015

«Әркімнің дауысы маңызды!» акциясы аяқталды

410 рет
көрсетілді

Кеше «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Әркімнің дауысы маңызды!» атты ақпараттық акциясының қоры­тындысын шығарды. Ондағы негізгі мақ­сат – белгілі бір кандидатты үгіттеп, саяси күшке қолдау білдіру емес, керісінше, жұртты өз қалауы бойынша дауыс беруге шақыру әрі бизнес қауымдастықтың бел­сенділігін арттырып, республика аза­­маттарын кезектен тыс президенттік сай­­лау­ға бір кісідей қатысуға атсалысу, үндеу. Баспасөз өкілдерімен жүздескен шара барысында  «Атамекен» ҚР ҰҚП басқарма   төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, «Жұмбақтас» МҚК директоры Сәуле Жақсылықова, «Концерн» Цесна-Астық» және маркетинг бөлімінің басшысы  Екатерина Шипилова қатысып, аталмыш акция төңірегінде өз ойларымен бөлісті. Бұл туралы басқарма төрағасының орынбасары Н.Әлтаев: «Біз осы акцияны бас­тар кезде отандық бизнес-қауымдастықтан мұндай жоғары белсенділік күткен жоқпыз. Кәсіпкерлер бұған пайда көзі ретінде емес, өздерінің азаматтық борышын орындау мақсатында  кірісіп кетті. Кездесу барысында қаншама жақсы сұхбаттар болды. Маған қатысушылардың өз ойларын еркін жеткізгендері ұнады. Әсіресе, тұрғындардың қойған сұрақтарының дені несие, тұрғын үй мәселесіне қатысты өрбіді. Бұл өтініш-ұсыныстарды біз алдағы уақытта қарап, шешу жолдарын іздестіретін боламыз», – деді баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында. Ауқымды шараға 1850 кәсіпкерлік құры­лымның өкілдері қатысты. Оның ішінде, дәмхана, қонақ үй, сауда орталықтары, әсемдік салондары және қаржы ұйымдары да бар. Отандық 350 кәсіпорын өз өнімдеріне «Әркімнің дауысы маңызды!» деп жазылған 3 миллионнан астам арнайы жапсырма жапсырылған. Ал қазақстандық жоғары оқу орындарында 10 мыңдай күнтізбе ілінді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің айтуынша, аталған акция арқылы миллионнан астам отбасы мен 3 миллиондай ғаламтор-пайдаланушы қамтылған. Жиын соңында аталмыш шараға белсенді түрде атсалысқан отандық компаниялар мен ақпараттық қолдау көрсеткен БАҚ өкілдері марапатталды. Атап айтқанда, ең озығы Жамбыл облысы, сонан кейін Павлодар облы­сы, ал үшiншi болып Солтүстiк Қазақстан облысы тiркелді. Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,  журналист.
Соңғы жаңалықтар