• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Маусым, 2024

Ойық астына түсіп кеткен құтқарушының отбасына пәтер берілді

121 рет
көрсетілді

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Майқайың кентіне арнайы барып, кеніштегі ойыққа автобуспен бірге түсіп кеткен құтқарушы А.Шаймерденнің отбасына 5 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Айдос Шаймерден – ойық астында жатқан екі азаматтың бірі. 

Ол кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалында жедел алдын алу жұмыстары жөніндегі взвод командирінің орынбасары болып қызмет атқарған. Азаматтың соңында жары Нұрсұлу Шаймерден мен 5 баласы қалып отыр.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі аталған отбасыға бес бөлмелі пәтердің кілті табыс етілгенін, пәтер Павлодар қаласында орналасқанын растады.

Еске сала кетейік, 15 мамырда Майқайың алтын кенішінде қос құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданды.