• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 03 Маусым, 2024

Маусым айының басында аптап ыстық болады

150 рет
көрсетілді

Синоптиктердің болжауынша, маусым айының басында елімізде 40 градусқа дейін күн ысиды. Әсіресе, бұл Қазақстанның оңтүстігі мен батыс өңіріне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

2024 жылғы 4-6 маусымға арналған болжамға сәйкес, республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады.

Метеорологтар атап өткендей, солтүстік-батыста және солтүстікте бұршақ жауып, екпінді желмен бірге найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

Сондай-ақ Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтілетіні айтылған. Мәселен, республиканың батысында +30+39 °C дейін, солтүстік-батыста +25+35 °С дейін, солтүстікте +23+30 °С, Республиканың орталығында және шығысында +25+33 °C дейін, оңтүстігінде +35+40 °С дейін, оңтүстік-шығыста +28+35 °C дейін ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.