• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Маусым, 2024

Оралдағы әк зауытында жұмысшы көз жұмды

108 рет
көрсетілді

Оралдағы әк зауытында жазатайым оқиға болып, жұмысшы көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.

27 мамыр түні сағат 02:45-те вагондарды тасымалдаушы автоматты қалаушыға қысылып қалған. 20 минутта ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген 1973 жылы туған ер адам аман қалмады.

«ҚР Еңбек кодексінің 188-бабы 4-тармағы талаптарына сәйкес, 28 мамыр күні жазатайым оқиға бойынша тергеу жүргізу үшін комиссия құру туралы бұйрық шығарылды. Еңбек инспекторы оқиға орнына барып, фото-видео фиксация жасады. Басқарма арнайы тергеу жүргізу үшін қажетті материалдарды алды», деп мәлімдеді БҚО еңбек инспекциясы басқармасы.

Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды.