Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінен белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еліміздің су қоймаларына 75 миллиард текше метр су жиналды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 15 миллиард текше метрге артық. Сонымен қатар жиналған судың 12 миллиардтан астамы – тасқын суы.Айта кетсек, Қазақстанның су қоймалары 89 млрд текше метр су жинай алады.
«Елімізде тасқын суын жинау жұмысы әлі жалғасып жатыр. Су тасқыны кезеңі басталғалы бері Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр, Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді», деп нақтылады аталған министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.