• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Тарих 03 Маусым, 2024

Орынбор рабфагінде...

143 рет
көрсетілді

Белгілі қаламгер Табыл Құлияс қария мұрағатқа мәттақам еді. Осы суретті көзі тірісінде сол кісі берді. Мұнда 1927 жылы Орын­бордағы жұмысшылар факультетінде оқып жүрген өрімдей қазақ жастары бейнеленген. Бірақ олардың кім екені беймәлім. Оқуға қай өңірден барғаны да белгісіз. Марқұм Табыл аға да суреттегі адамдарды нақты білмейтінін айтқан еді.

«2003 жылы Орынбор қала­сындағы архивке бардым. Онда ел тарихына қатысты біраз дүние бар. Архивте апта бойы отырып, көптеген дерек алдым. Соның бірі – осы сурет. Оның сыртына «Рабфак. 1927 год. г.Оренбург. фото Е.Е.Блехмана» деп жазылған. Өзге ештеңе жоқ. Басқа құжаттардан бұл жайында мәлімет кездеспеді. Архив қызметкерінен сұрап едім, одан тұшымды жауап болмады. Сосын суреттің көшірмесін түсіріп алдым. Міне, содан бері бұл жәдігерді көзім­нің қарашығындай сақтап жүрмін. Суреттегі кісілерді танымадым. Бірақ осы жігіттердің кейінгі тағдырлары қалай қалыптасты деп ойлаймын. Отызыншы жылдардағы қырғыннан аман қалды ма екен?», деп күрсініп еді.

Биыл бұл суретке 97 жыл толады. Ғасырға жуық уақыт. Ендеше, сіз де тарихи жәдігерге бір үңіліп көріңіз.