• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Маусым, 2024

Мәулен Әшімбаев Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

65 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай әлеуметтік желілерде құттықтау жазбасын қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – ұлтты ұйыстыратын және халыққа рух беретін қастерлі де қасиетті нышандарымыз. Оларды қадірлеу, қорғау және құрметтеу әр қазақстандықтың – абыройлы міндеті.

Бүгін осы мерекеге орай Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Дәстүрге айналған мұндай іс-шара ең қымбат құндылықтарымызды ұлықтаудың маңызын кеңінен дәріптеп, азаматтарымыздың патриоттық сезімін арттыра түсетіні анық.

Баршаңызды атаулы күнмен құттықтай отырып, елдігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз баянды болсын деп тілеймін! Көк байрағымыз көгімізде желбіреп, әнұранымыз мәңгілік шырқала берсін!», делінген құттықтау тілегінде.