• RUB:
    5.31
  • USD:
    463.77
  • EUR:
    495.49
Басты сайтқа өту
Елорда 04 Маусым, 2024

Елордалық өрт сөндірушілер 10 адамды аман алып қалды

55 рет
көрсетілді

Бүгін Астана қаласындағы Бөгенбай батыр 3 А мекенжайындағы көп қабатты үйден өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.

Өрт тұрғын үй кешенінің 2-12 қабат аралығында кабель шахтасынан шыққан. Қызыл жалынның жалпы аумағы  36 ш.м. құрады.

Құтқарушылар 10 адамды қауіпсіз жерге алып шықты, оның ішінде, 4 бала бар. 

Ал 25 адам өздігінен далаға шығып үлгерген.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды толық ауыздықтады.