• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2010

БАЛАЛАР ҮЙІНЕ – БАҒАЛЫ БАЗАРЛЫҚ

630 рет
көрсетілді

Кейінгі кезде осыған дейін жекеменшікке өтіп кеткен балалар бақшалары бұрынғы заңды иелері – жас бүлдіршіндерге қайтарыла бастағаны белгілі. Ол енді қуана құптарлық жайт. Ал Мұхтар Әуезов атын­дағы педагогика колледжі бұдан да тың бастамала­рымен сүйсінтіп отыр. Яғни, аталған оқу орны өздері­­нің жазғы демалыс лагерін қаладағы №8 балалар үйіне басы бүтін сыйға тартты. Сөйтіп, жетім балалар биылғы жазғы демалыстарын қала сыртындағы, ерке Ертіс жағасындағы лагерде еш алаңсыз өткізбек. Рас, бұл лагерьдің қазіргі жай-күйі сон­ша мақтауға келмейді. Оны дұрыстап ұстауға пед­кол­ледждің шамасы келмегені де шындық. Сондықтан бұл мәселеде балалар үйіне қалалық білім бөлімі, же­ке­леген демеушілерден көмек болатындығына сенгің-ақ келеді. Қалай болғанда да барды ұқсата білгенге не жетсін! Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. СЕМЕЙ.