Кейінгі кезде осыған дейін жекеменшікке өтіп кеткен балалар бақшалары бұрынғы заңды иелері – жас бүлдіршіндерге қайтарыла бастағаны белгілі. Ол енді қуана құптарлық жайт. Ал Мұхтар Әуезов атындағы педагогика колледжі бұдан да тың бастамаларымен сүйсінтіп отыр. Яғни, аталған оқу орны өздерінің жазғы демалыс лагерін қаладағы №8 балалар үйіне басы бүтін сыйға тартты.
Сөйтіп, жетім балалар биылғы жазғы демалыстарын қала сыртындағы, ерке Ертіс жағасындағы лагерде еш алаңсыз өткізбек. Рас, бұл лагерьдің қазіргі жай-күйі сонша мақтауға келмейді. Оны дұрыстап ұстауға педколледждің шамасы келмегені де шындық. Сондықтан бұл мәселеде балалар үйіне қалалық білім бөлімі, жекелеген демеушілерден көмек болатындығына сенгің-ақ келеді. Қалай болғанда да барды ұқсата білгенге не жетсін!
Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ.
СЕМЕЙ.