Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Байқаушылар миссиясын Қазақстанға бастап келген ТМД Атқару комитетінің төрағасы – ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедевті қабылдады.
Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан келген халықаралық байқаушылардың үйлесімді жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.
С.Лебедев байқаушылардың жұмысы үшін жақсы жағдай жасалғанына ризашылығын білдірді және халықаралық байқаушылар тарапынан президенттік сайлауға баса назар аударылып отырғанын жеткізді. Сайлау науқанына ТМД Миссиясының құрамында ТМД-ның 8 елінен 410 байқаушы келді.
ТМД Атқарушы хатшысы ТМД байқаушылары сайлауды байқауды Қазақстан заңнамасы аясында, әділдік пен саяси бейтараптық қағидаларын басшылыққа ала отырып жүргізетінін атап өтті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.