• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2024

Өзін банк қызметкері ретінде таныстырған әйел алаяқ болып шықты

103 рет
көрсетілді

Жетісу облысының полицейлері бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті әйелді ұстады. Ол өзін банк қызметкері ретінде таныстырып азаматтарды қайтарымсыз кредит, субсидия алып беремін деген желеумен алдап келген, деп жазады Egemen.kz.

Текелі тұрғыны алдап соққан 13 зардап шегуші анықталды.

«Әйел өзін банк қызметкері ретінде таныстырып жүрген. Азаматтардың сеніміне кіріп, ол ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарыз бен өтеусіз мемлекеттік субсидия алуға көмек ұсынған. Оның тұрғындарға келтірген залалы 11 миллион теңгеден асты. Іс материалдары сотқа жіберілді. Күдікті қамауға алынды», деді Текелі қаласы ПБ бастығының орынбасары Ернар Таңатаров.