• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 05 Маусым, 2024

Маусым айында қай өңірлерде құрғақшылық болады?

204 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК мамандары маусым айында қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Мамандардың болжамына сәйкес, маусым айының алдын ала құрғақшылық болжамы нақтыланғаннан кейін құрғақшылық күтілетін аймақтардың ауданы әлі де ұлғаюы мүмкін.

«Қазгидромет» РМК маусым айында құрғақшылық болжанған аймақтардың тізімін ұсынды:

Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында; Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында; Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Тасқала және Ақжайық аудандарында; Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарында; Қарағанды облысының Шет ауданында; Ұлытау облысының Ұлытау ауданында; Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында; Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында.

Ал осы айда бірқалыпты ылғалды жағдай Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай және Күршім аудандарында, Абай облысының Бесқарағай ауданында, Алматы облысының Талғар ауданында, Қарағанды облысының Бұқар-Жырау, Осакаров аудандарында және Қарағанды қаласында, сондай-ақ Павлодар мен Ақмола облыстарының басым бөлігінде болмақ.

Елдің қалған бөлігінде ылғалдандыру жағдайы нормаға жуық болады деп болжанып отыр.