• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2015

Мемлекет басшысының Конституция кепілі ретінде жалпыға ортақ сайлау құқығын жүзеге асыру туралы Қазақстан азаматтарына ҮНДЕУІ

294 рет
көрсетілді

Қымбатты отандастарым!

Өздеріңізге мәлім, 26 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Халқымыз бұл жөнінен жан-жақты хабардар. Қолдаушылар мен кандидаттар облыстарда болып, жұртшылықпен жүздесті. Бүкілхалықтық сайлау – біз­дің Конститу­ция­мызда, арнайы заңымызда көрініс тап­қан аса маңызды саяси іс-шара. Сайлау арқылы азаматтары­мыз, біріншіден, өзінің консти­туциялық құқығын жүзеге асырады, екіншіден, ел басқару ісі­не тікелей қатысады. Әрбір аза­мат өзіне ұнайтын, саясатын түсі­нетін, халықты алға бастай алады деп сенетін кандидатқа дауыс береді. Бұл – әлемдік қоғамдастық өкілдерінің назарын аударатын ел өміріндегі елеулі оқиға. Сай­лауды бақылау үшін елімізге 1 мыңнан астам байқаушы, 200-ге жуық шетелдік ақпарат құрал­дарының өкілдері келеді. Олардың алдында біз ын­тымағымызды  көрсетуіміз керек. Халық неғұрлым белсене қатысатын болса, соғұрлым елі­міздің бірлігі нығаяды, болашаққа деген сенімі беки түседі. Баршаңызды сайлауға қаты­сып, дауыс беруге шақырамын.