“UMEF” ЖШС қарағандылық кәсіпорынның директоры Надежда Штеркельдің ойынша, сенімді әрі уақыт сынынан өткен серіктестерің болған жағдайда ғана әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан сүрінбей өтуге болады. Компанияға қолдау көрсеткен Қазкоммерцбанк сондай серіктес бола алды. Банк “Даму” қорының ШОБ-ты қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаның 4-ші траншы шеңберінде компанияға кредит берді.
– Надежда Александровна, бизнесіңізді қалай бастағаныңызды айтып беріңізші?
– Біздің компания өз өнімімен нарыққа 2002 жылы шықты. Біз жаңа құрал-жабдықтарды, есептегіш құралдарды, сөре, пошта жәшіктерін, зертханалық жиһаздарды шығарумен айналысамыз. Бір сөзбен айтқанда, біздің жұмысымыз – металдан шығарылатын өнімдер. Бізде білікті мамандар жұмыс істейді, сондықтан тапсырыс беру жағынан қиыншылықтар жоқ. Негізінен біз ЖК (жеке кәсіпкер) және мемлекеттік кәсіпорындармен жұмыс істейміз. Біздің негізгі клиенттеріміздің қатарында қарағандылық ҰҚК, қалалық әділет органдары, сондай-ақ “Қарағанды Жарық” ЖШС болды.
– “Қазкоммерцбанкпен” ынтымақтастық қалай басталды? Осыған дейін басқа банктермен жұмыс істеп көрдіңіз бе?
– Әрине, біз басқа банктермен де жұмыс істеп көрдік. Алайда олардың ұсынған шарттары бізді әрдайым қанағаттандыра бермейтін. Ал 2006 жылы біз ҚАЗКОМ-мен жұмыс істеу тиімді деп шештік. Басында дербес шот аштық. Кейін, бізбен жасалатын мәмілелер саны көбейген соң, айналымдағы қаражатымызды көбейту қажет болды. Біздің ЖШС 4 600 000 теңге сомасына несие алып, кейін барып кәсіпорынға несиелік желі ашылды. “Қазкоммерцбанк” менеджерлері кредитті өте жылдам рәсімдеп берді: шамамен үш апта кеткен шығар. “Арзан әрі ұзақ мерзімді” ақшаны қажет ететін бизнесмендер үшін уақыттың рөлі ерекше. Бірінші кезекте, бұл банктің өз клиенттерінің жағдайына түсінушілікпен қарайтынын білдіреді.
– Шынымен де, ешбір қиындық болмады ма?
– Жоқ, бар болғаны бір кедергі туралы айтуға болар. Осыдан екі жыл бұрын біз несиемізді өтеу мерзімін өткізіп алдық, Алайда банк қарызды қайта құрылымдап, проблема өз-өзінен шешілді. Содан кейін барып “Қазкоммерцбанк” “Даму” қорының ШОБ-қа қолдау көрсету бағдарламасы бойынша біздің несиемізді қайта қаржыландырды. Біз жаңа өтініш жіберіп, кредитімізді қайта қаржыландырдық. Енді пайыздық мөлшерлемеміз 23% емес, келесі жылдың сәуір айына дейін 8% құрайтыны бізді қатты қуантады.
– Әлемдік қаржы дағдарысы сіздің бизнесіңізге қалай әсер етті?
– Әсерін едәуір қатты сезіндік. Менің ойымша, дағдарыс қарапайым халықтан гөрі, шағын және орта бизнестегі кәсіпорындарға қатты әсер еткен сияқты. Кейде жағдайымыз өте қиын болатын. Алайда біз дағдарыспен күресіп, қазір де бой бермей келеміз. Көп жағдайда “Қазкоммерцбанктің” қолдауының арқасында деп айтар едім. Өйткені Банк менеджерлері жылдам әрі нақты жұмыс істейді. Сондықтан ШОБ кәсіпорындарына қолдау көрсету бойынша банк жұмысына рахмет айтамын.
– Қарызды қайтара алмаймыз деп қорқып, бүгінгі таңда несие алуға қорқатын әріптестеріңізге қандай кеңес берер едіңіз?
– Бірінші кезекте, дұрыс таңдау жасасын деп кеңес берер едім. Өйткені кәсіпкерлер банкке бостан босқа бармайды, өз бизнесін дамытуға қаражат жетпегенде барады. Бұл жағдайда тұрмыста қолданылатын дана сөздер есіңе оралады: “Жат адамның ақшасын алып, өз ақшаңды қайтарасың” деген. Өкінішті, бірақ ең басты капитал – адам екенін екінің бірі түсіне бермейді. Егер бизнесмен өзіне, қасындағы адамдарына, қызметкерлеріне сенсе, бұл табыстың жартысына қол жеткіздім деп түсінсін. Өйткені бүгінгі таңда қасында сенімді адамдарыңның болғаны өте маңызды. Сондықтан мен өз әріптестеріме қиыншылықтан қорықпасын деп кеңес берер едім. Қорыққан адам бас жүлдеден құр қалар. Сондай-ақ банк бірінші кезекте өз клиенттері үшін жұмыс істейтінін ұмытпаған жөн. Банк бизнесменнің табыс алғанына мүдделі, сондықтан оның жағдайын түсінуге тырысады. Мәселен, біздің кәсіпорынды алайық. “Қазкоммерцбанк” пен арамыздағы қатынасымыз әрдайым жақсы болды деп айтпас едім. Алайда пайыздық мөлшерлеме 23-тен 8%-ға дейін төмендетілгенде, мұны өмірдің сыйы деп қабылдадық. Сондықтан біз келешекте де ынтымақтастығымызды жалғастыратынымызға сенімдімін.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен Данияр ӨТЕБАЕВ.