Спорт 06 Маусым, 2024

Қазақстан дзюдошылары Париж Олимпиадасының 8 жолдамасын иеленді

153 рет
көрсетілді

Қазақстан дзюдошыларына Париж Олимпиадасының 8 жолдамасы бұйырды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Осылайша, лицензия саны 66-ға жетті. Яғни, қазір Ұлттық құрама атлеттері спорттың 20 түрінен квота иеленді.

Франциядағы байрақты бәсекеде, татами шеберлері 7 салмақта жүлдеге таласады. Әйелдер - 2, ерлер - 5 салмақ дәрежесі бойынша белдеседі. Одан бөлек, аралас командалық сында бақ сынайды.