• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Маусым, 2024

Ізгі ниет елшілері

113 рет
көрсетілді

Сыртқы істер ми­нистр­лігінде Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің қаты­суымен «Қазақстан­ның Ізгі ниет елшілері» жобасын іске асыруға арналған ресми рәсім өтті. Бұл жобаның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн.

Жоба елге ғана емес, шет мемлекеттерге де танымал болған әйгілі отан­дас­тары­мызды тарту ар­қылы елі­міз­­дің оң имиджін әрі қарай қалып­тастыру, танымалдығын арттыру және заманауи Қазақ­стан­ның жетістіктерін дәріп­теуге бағытталған. Жоба ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, БҰҰДБ секілді бірқатар БҰҰ жүйесінің халықаралық инс­титуттарының қазіргі қол­даныстағы номинацияларына ұқсас жасалған.

Президент әкімшілігі қолға алған игі жобаға ең­бегі­мен және дарынымен өнер, спорт, ғылым және басқа да салаларда же­тіс­тіктерге жеткен, сондай-ақ қайы­рымдылық жұмыс­тарына белсене қатысқан отан­дастар кіріп отыр.

Министрлікте өткен ресми іс-шараға скрипкашы, Азия-Тынық мұхиты өңірі оркестрлері альянсының директоры Марат Бисенға­лиев, Олимпиада чем­пионы, велошабандоз Александр Винокуров, суретші және антиядролық қозғалыс белсендісі Кәріпбек Кү­йіков, саясаттану ғылым­дары­ның докторы және та­рихи карталарды зерттеу­ші Мұхит-Ардагер Сыдық­назаров, Н.Тілендиев атын­дағы Мемлекеттік ака­демиялық фольклорлық-этно­графиялық «Отырар Сазы» оркестрінің бас дири­жері Динара Тілендиева, «Adam» лақапатымен таныл­ған эстрада әншісі Мир­хидай Мирфарух және әлем рекордын жаңартқан алып күш иесі әрі Гиннестің рекордтар кітабына енген Сергей Цырульников қатысты.

Кездесуде министр Мұрат Нұртілеу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бастамасының маңызы ерекше зор екенін атап өтті. Сондай-ақ бүгінде еліміз дүниежүзілік қауымдастықта бей­бітшілік пен тұрақ­ты­лықты ту еткен әрі қар­қын­ды даму жолындағы мемлекет ретінде кеңінен танылғанын айрықша атады.

– Әлемнің 75 елінде 114 шетелдік мекемеміз бар. Өт­кен жылы біз шетелде 3 жаңа мекеме аштық. Биыл қо­сымша 2 елшілік, 1 тұрақты өкілдік және 4 бас консулдық өз жұмысын бастады. Жылдың соңына дейін тағы 5 мекеме ашуды жоспарлап отырмыз. Қазақстанда шетел­дер­дің 71 елшілігі мен 25 кон­сул­дық мекемесі және 33 ха­лық­аралық ұйымның өкілдіктері аккредитация алған.

Қазақ елінің жеті бірдей көрнекті өкілін «Ізгі ниет елшісі» ретінде тағайындау да осы бағыттағы Мемлекет басшымыздың бірізді әрі төрт шұғыласы тең сыртқы саясатына үлкен қолдау деп білеміз, – деді Сыртқы істер министрі.

Сонымен қатар ол көп­ұлтты халқымыздың келісім мен диалогке деген дәстүрлі ықыласына сай генетика­лық коды сыртқы әлеммен мазмұнды және өзара тиімді қарым-қатынастардың кепілі екеніне тоқталды.

– Біз мұны шетелде насихаттауымыз абзал. Осы тұста Біріккен Ұлттар Ұйы­мының Жарғысы мен ха­лықаралық құқық негізіндегі көпвекторлы және сындарлы сыртқы саясатқа балама жоқ екендігі айқын. Біздің көзіміздің қарашығындай сақтайтын ең жо­ғары құн­ды­лық­тары­мыз – еліміздің еге­мен­дігі, тәуелсіздігі және аумақ­тық тұтас­тығы. Бұл экономи­калық өсу және халықтың әл-ауқатын арттырумен қоса, Қазақстан­ның халықаралық беделі мен рөлін паш етеді, – деген М.Нұртілеу алдағы уақытта «Ізгі ниет елшілерінің» игі миссиясы бұрынғыдан да өзекті бола түсетінін жеткізді.

Министр сөзінің соңында ізгі ниет елшілерінің әлем қауым­дастығына Қазақстан тура­лы объективті хабар жеткі­зе­тін парасат үні болатынына ел сенім артатынын атап өтті.

Кездесуде дирижер Ди­нара Тілендиева, вело­шабан­доз Александр Вино­­куров сөз сөйлеп, өздеріне осын­­дай құрметті мис­сия жүктел­ге­ні­не ризашы­лықтарын білдіріп, әлемдік ауқымдағы игі бас­тамаға ұйытқы болған Мемлекет басшысының атына алғыс білдірді.

Іс-шара барысында Қазақ­станның Ізгі ниет елшілеріне олардың елші екенін растайтын «Qazaqstan for Peace» төсбелгісі, сертификаты мен куәлігі тапсырылды.