• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Еңбек 06 Маусым, 2024

Дарханның жылыжайы

65 рет
көрсетілді

Ертіс-Баян өңірінің іскер азаматтары шағын жылыжайлар тұрғызуға бет бұра бастағаны байқалады. Тірлігі қысы-жазы жалғасып, ел-жұрт табиғи дәрумендерден тарыға бастаған мезгілде сапалы көкөніс пен жеміс-жидекті жергілікті нарыққа шығаратын кәсіпкерлерді қолдау тетіктері де аз емес. Есесіне бұған дейін қырғыз, өзбек ағайындардан тасып келген ауылшаруашылық өнімдерін өзімізде өсіре бастадық.

Ақсудың Алғабас аулын­да жуықта ша­ғын жылыжай пай­да болды.  Небәрі 260 шаршы метр ­жерге жайғасқан кешен облыс орталығының тұты­ну­шыларын арзан көкөніс өнім­дерімен қарық қылуды көздеп отыр. Жылыжай иесі, «Тамыр-Компани» жеке кәсіпорны­ның басшысы Дархан Әлпейісов алғашқы маусымда бұл жерге қияр мен қызанақ, болгар бұршағын, аскөк, шалғам, пияз еккенін айтады.

– Жылыжайға тұқым мен көшеттерді еккеніме бір айдан енді асты. Азықтық өсімдіктердің көшеті жылы ауа райын жақсы көреді. Сон­дықтан жылыжайды үнемі жы­­лытып, бірқалыпты темпера­тура ұсталып тұр. Бұл бизнеске 12 млн теңге инвестиция құйдым. Оның 5 млн теңге­сін мемлекет грант ретінде берсе, өзгесі жеке қаражат. Барлық қажетті тұқымды жергілікті дү­кен­дерден сатып алдым. Қа­зір шаруашылығымда екі қызмет­керім бар. Олардың санын ал­дағы уақытта төртеуге жет­кі­зу жос­парда тұр. Ал өнім жина­­ла бастаған уақытта маусымдық жұмыстарға қосымша адам күші тартылады, – дейді жас кәсіпкер.

Дарханның алғашқы маман­дығы – әскери штурман. Ақтө­бедегі әуе қорғанысы саласында әскери ұшақ штурманы бо­лып біраз уақыт еңбек еткен. Әскери қызметте 10 жылдай жүріп, Аягөз, Алматы, Пав­ло­дар қалаларында болыпты. Келісімшарты аяқталған соң көптен бері көкейінде жүрген бизнес идеясын жүзеге асыру­ға бірден кірісіп кетіпті. Айтуын­ша, жылыжай шаруашылығын құру, көкөністерді егу әдіс-тә­сіл­дерінің барлығын интернеттен, әлеуметтік желідегі танымал блогерлерден үйренген. Көктеп шы­ға бастаған көшеттерді алғашқы­да қарды ерітіп, соның суымен суарып келген. Алдағы күндері жылыжай жанынан құдық қа­зып, қажетті суды содан тартып шығармақшы. Еңбекқор азамат өнімі жақсы шықса, алдағы уақытта бұл жер­ге құлпынай егіп көрмекші.

Сөз соңында кәсіпкер Пав­лодар қаласындағы сауда-сат­тық нүктелері жылыжайдың бо­­ла­шақ өніміне сұраныс жа­­сап отырғанын жеткізді. Об­лыс ор­т­алығындағы «Jailau» фер­мерлік базарында және «Рахат» көтерме-бөлшек база­рын­­да сату көзделген. Бола­шақ­та шаруашылығы кеңейе түс­се, еліміздің оңтүстігі мен Қыр­­ғызстаннан тасылатын көкө­­ніс өнімдерінің бір бөлігін қам­тамасыз ету жоспарында бар.

 

Павлодар облысы