• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2024

Алматыда матрас шығаратын цех өртенді

112 рет
көрсетілді

Алматылық құтқарушылар матрас шығаратын цехта болған өртті сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бүгін түнде Түрксіб ауданындағы матрас шығаратын цехта өрт шыққан. Өрттің аумағы 250 ш.м. алаңды қамтыған. Қызметкерлердің жедел әрекетінің арқасында өрт толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.