Жамбы атудан 2007-2009 жылғы жасөспірімдер арасындағы ІХ ел чемпионатының бірінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
6 маусымда спортшылар «Азия» стилі бойынша сайысты. Бірінші орынды маңғыстаулық мерген Ораз Айбек иеленіп, екінші орын қызылордалық Маханбет Нұрманға бұйырса, үшінші орынға қарағандылық Оралхан Нұрасыл лайық деп танылды. 7 маусым сағат 10:00 – 18:00 «Түркі стилі»;
8 маусым сағат 10:00 – 18:00 «Жамбы стилі»;
9 маусым сағат 10:00 – 18:00 «Мажар стилі»;
10 маусым – Марапаттау рәсімі.
Чемпионат Талдықорған қалалық ипподромында өтіп жатыр.