• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» 08 Маусым, 2024

Елдік акцияның өнегесі

130 рет
көрсетілді

Еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылған «Таза Қaзaқстан» акциясына барша отандастарымыз ерекше ынта-ықыласымен үлес қосып жатыр. Осы күні аталған акция ел-жұрттың басын біріктіретін рухани маңызы бар шараға айналды.

Осы орайда «Amanat» партиясы «Таза бейсенбі» республикалық эко­ло­гиялық акциясын бастады. Елді мекендер мен көрікті жерлерді қоқыс­тан тазалау жұмыстары өңірі­міздің барлық ауданы мен қаласында ұйымшылдықпен өтті.

«Таза бейсенбі» жобасының мақ­саты – айналаны таза ұстап, қор­ша­ған ортаны, табиғатты аялауға, өске­­­лең ұрпақтың туған жеріне құр­мет­пен қарауға шақыруға бағыт­тал­ған. Бейсенбілік іс-шараға тек Ұлан ауданының Таврия аулында ғана 150-ден аса адам қатысып отыр», дейді «Amanat» пар­тиясының Шығыс Қазақстан об­лыс­тық филиа­лы­ның төрағасы Сайрангүл Жұмаділова.

Таврия ауылдық округінде өткен «Таза бейсенбі» акциясы кезінде 1000-нан аса қап қоқыс жиналды. Шараға партия жанындағы «Жастар рухы» жас­тар қанатының еріктілері, де­путаттар, бастауыш партиялық ұйым­дар­дың мүшелері және облыстық, аудан­дық партия филиалдарының қыз­мет­керлері мен ауыл тұрғындары қатыс­ты.

«Аулымыздың маңайын тазалау үшін бүгін «Таза бейсенбі» акциясына өз үлесімді қосып, мен де қатыстым. Тазалықты әр адам өзінен бас­тауы қажет деп санаймын. Сондықтан бүгін іс-шара өтеді дегенде, оған бейжай қарай алмадым. Біздің еліміздің кез  келген жерінің табиғаты әсем. Сол әсем таби­ғатты қорғау – біздің азаматтық борышымыз. Осындай игі іс-шаралар мен экологиялық акциялар апта са­йын ұйымдастырылса, халық тарапынан қолдауға ие болады деп есеп­теймін», дейді Таврия ауылдық окру­гінің тұрғыны Оқан Жарқын.

Айтып өткендей, мұндай іс-шара бұл күні аймақтың әр өңірінде ұйым­дас­ты­рылды.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Ұлан ауданы