• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Маусым, 2024

Бельгияның премьер-министрі отставкаға кетті

134 рет
көрсетілді

Бельгияның федералды парламентіне сайлау кезінде Flemish Open Vld партиясы аз дауыс жинады. Осыған байланысты партияның жетекшісі, қазіргі премьер-министр Александр Де Кро отставкаға кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеше Бельгияда Еуропарламент пен федералды және аймақтық деңгейдегі өкілді органдардың сайлауы өтті.

Фламандық бөлік бойынша сайлауда Барта Де Вевераның «N-VA» (Жаңа Фламандтық альянсы) ұлтшыл партиясы жеңіске жетті.

«N-VA» жарғысы баптарының бірі тәуелсіз Фландрияны құруды мақсат етеді. Көші-қонға қарсы әсіре оңшыл партия Vlaams Belang N-VA-дан сәл артта қалды, бірақ болжамдарға қарамастан, Фландриядағы ұлтшылдарды қуып жете алмай келеді.

Премьер-министр А.Кроның либералды Open VLD партиясы Бельгияның солтүстігінде жеңіліп қалды (сайлау нәтижесі 10%-дан төмен болды).

Валлонияда жергілікті социалистердің тасы өрге домалап келеді. Ал Брюссельде французтілді либералды «MR» партиясы жеңіске жетті.

Александр Де Кро сайлау жеңімпаздары N-VА, «Флаамс Беланга» және Бельгиядағы французтілді «MR» партияларының жақтастарын құттықтады.