Оқ атудан Қазақстан құрамасы кезекті олимпиадалық жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ирина Юнусметова 2024 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алды. Спортшы пневматикалық тапаншадан атуға маманданған.
Ол Халықаралық оқ ату спорты федерациясының (ISSF) рейтингі негізінде Олимпиадаға жолдама алды.
Бұл Қазақстанның атқыштары үшін алтыншы жолдама болды. Бұған дейін Ислам Сәтбаев, Александра Ле, Никита Чирюкин, Арина Алтухова және Константин Малиновский Олимпиадаға жолдама алған еді.