Нысана көздеуден Қазақстан командасының қоржыны тағы бір Олимпиада жолдамасымен толықты. Ирина Юнусметова рейтинг бойынша Париж ойындарына іріктеуден өтті, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Халықаралық спорттық оқ ату федерациясы әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша олимпиадалық рейтингті жаңартты.
Нәтижесінде отандасымыз Ирина Юнусметова 10 метрге тапаншамен нысана көздеуден квотаға ие болды.
Еске салайық, нысана көздеуден Қазақстан командасын танымал спортшы Ольга Довгун жаттықтырады.