Алматыда есіктер сақталатын қойма өртеніп, маңындағы көршілес нысандарға қауіп төнді, деп хабарлайды Egemen.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық ТЖД мәліметінше, 11 маусымда сағат 10:15-те Жетісу ауданында өрт туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер 80 шаршы метр аумақта есіктерді сақтайтын қойма өртеніп жатқанын анықтаған. Өрттің жақын маңдағы қоймаға таралу қаупі болған.
Оқиға орнына 52 адам жіберілген.