2024 жылдың 11 маусымында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ел аймақтарында Құрбан айт мерекесіне орай айт намазының уақытын белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елімізде 16 маусым Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні болып жарияланды. Бұл күні барша мұсылман мерекелік таң намазын оқиды. Оның уақыты күннің шығуымен байланысты.
Бір қызығы, елдегі бір уақыт белдеуіне қарамастан, намаз уақыттары әр өңірде әртүрлі.
ҚМДБ сайтында атап көрсетілгеніндей, зул-хижжа айының алғашқы он күнінде бар ықыласпен ғибадат етіп, жақсылық пен сауапты амалдарды көбірек жасауға тырысу керек.
Сондай-ақ Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде мүмкіндігі бар мұсылман құрбандық шалуы керектігі айтылады.
Айта кетейік, биыл құрбандықты онлайн шалуға болады. Сондай-ақ бұл күндері елорда тұрғындары қоғамдық көлікте тегін қатынайды.