Сот кабинетіндегі мәліметтерге сәйкес, Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов үкіміне қатысты шағым Апелляциялық сот алқасының қарауына жіберілді, деп жазады Egemen.kz.
Іс бүгін, 2024 жылдың 11 маусымында судьяға жіберілді.
Істің қабылданғаны мен алғашқы отырыс күні әлі белгісіз.
27 мамырда елордалық сотқа Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты бірінші инстанция сотының үкіміне апелляциялық шағым түскені белгілі болды.
Еске салайық, осы жылдың 13 мамырында Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.