ПАВЛОДАР. 25 сәуір. Шайбалы хоккейден Павлодардың «Ертіс» командасы Қазақстан чемпионы атанды. Команданы осы жеңісімен облыс әкімі Қанат Бозымбаев құттықтады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Команда үшінші мәрте ел чемпионы атағына ие болды.
«Алдағы жаңа маусымда хоккейшілер тағы да үлкен жеңсіке қол жеткізсін»,- деді облыс әкімі. Әкім өңірдегі спорттың дамуына үлес қосқан хоккей клубының мүшелеріне Алғыс хаттар табыс етті.
Фарида Бықай.
Дерек: egemen.kz
Сурет: С.Бугаев.