ПАВЛОДАР.25 сәуір. Арменияның Гюмри қаласында өткен Жеңістің 70 жылдығына арналған музыкант-орындаушылар арасындағы «Возрождение» VII халықаралық байқауына ТМД елдерінің 2800-ге жуық жас музыкант қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, Павлодар қаласындағы музыкалық колледждің студенттері мен оқушылары да байқауға барып келді. Олардың қатарында «Альт» аталымы бойынша бірінші орынды 4-курс студенті Анжела Аветисян,. «Академиялық ән салу» аталымы бойынша екінші орынды 1-курс студенті Жамила Ораз, «Скрипка» аталымы бойынша 3-курс студенттері Әлима, Уәлиева, Нәби Ибраев тар алды. Музыкалық мектептің 3-сынып оқушысы Дильназ Жанкүшіков, 6-сынып оқушысы Маймуна Захаева «Фортепиано» аталымы бойынша екінші орынға ие болды.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz