Қостанай облысының құтқарушылары жолаушылар автобусында тұтанған жалынды сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғамдық көліктің қозғалтқыш бөлігі өртенгені анықталды.
Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала 20 жолаушы эвакуацияланды.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
«Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырады. Жолда көлігіңіз өртене бастаса, көлікті дереу тоқтатып, шығып кетуді сұраймыз», деп ескертті құтқарушылар.