• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2015

Түркия Шанаққала шайқасының 100 жылдығын атап өтті

345 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 сәуір. Түркияда І дүниежүзілік соғыстағы ең қанқұйлы ұрыс – Шанаққала шайқасының 100 жылдығы атап өтілді. Ауқымды шараға бірқатар мемлекет пен үкімет, сондай-ақ, сол кездегі соғысқа әскерлері қатысқан елдердің басшылары қатысты. Бұл туралы еuronews.com хабарлады. Он айға созылған қанды қырғында 200 мыңнан астам адам ажал құшты. Оның 100 мыңға жуығы Британия империясының құзырында еді. Еске алу шарасына арнайы келген Ұлыбритания ханзадасы Чарльз Уэльский: «Бұл жауынгерлер британ әлемінің әр жерінен келді. Африка, Австралия, Канада мен Үндістан, тіпті, Ұлыбритания мен Жаңа Зеландиядан, алыс аралдардан келгендер де бар. Туған жерлерімен қоштасқан олар біздің ортақ ісіміз үшін жандарын қиюға дайын болды», – деді. Бір ғасыр бұрын болған жойқын соғыста Түркия жеңіске жеткені тарихтан белгілі. Осының арқасында бұл ел одақтастардың Дарданнел бұғазын бақылауға алу, Ыстамбұлға басып кіріп, Ресейге теңіз жолын ашпақ болған жоспарын іске асырмады. Шарада сөз алған Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған: «Мен Шанаққала шайқасы барлық ұлтқа ортақ ауыртпалықты достыққа, бейбітшілік пен махаббатқа айналдырудың үлгісі болғанын қалаймын. Себебі, бұл сөздер соғыстың генераторы емес. Біз бұл ғасырдың бейбітшілік ғасыры болуы үшін ынтымақтастыққа дайынбыз», – деді. Айта кетейік, осыған дейін сайтымызға Шанаққала шайқасы туралы көлемді мақала жарияланды. Бұл туралы мына жерден оқи аласыздар. Еламан Қоңыр. Дерек сурет: euronews.com.