• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Маусым, 2024

Қазақстанда жел электр станцияларын салу жобалары бойынша аукцион өтті

156 рет
көрсетілді

Алғашқы аукцион Қазақстанның электр энергетикалық жүйесінің солтүстік аймағы үшін жалпы қуаты 100 МВт жел энергетикалық станцияларының (ЖЭС) жобаларын іріктеу бойынша өткізілді, деп хабарлады Egemen.kz.

Аукционға қатысуға сегіз компания жіберілді, қатысушылар 43 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 700 МВт құрады. 2024 жылы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 1 кВт-сағ үшін 22,68 теңгені құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 1 кВт-сағ үшін 22,68-ден 6,9 теңгеге дейін құрады.

Аукцион қорытындысы бойынша «ЭкоВайнд» ЖШС компаниясы жеңімпаз болып танылды, жобаның белгіленген қуаты - 100 МВт, аукциондық бағасы - 6,9 тг/кВт-сағ. Жобаны Ақтөбе облысында іске асыру жоспарланып отыр.

 

Алтынай АБДЫШ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті