• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2015

Бокс. «Арландар» алғаш рет жеңілді

260 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 сәуір. Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын «Астана арландары» биылғы маусымда алғаш рет қарсыласына есе жіберді. Кеше түнде Италия боксшыларына қарсы жұдырықтасқан олар 2:3 есебімен жеңілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Айқас Италияның Бергамо қаласында өтті. 69 кг.-да бақ сынаған «арланымыз» Асланбек Шымбергенов қарсыласынан басым түссе, аса ауыр салмақтағы (+91 кг.) боксшымыз Филипп Хргович кезекті рет нокаутпен жеңіске жетті. Ал қалған үш спортшымыз қарсыластарына есе жіберіп, «Астана арландары» WSB жобасының биылғы маусымында алғаш рет жеңілді. Бұл – топтық кезеңдегі соңғы кездесу екенін айта кетейік. «Италия тандер» – «Астана арландары» 3:2 52 кг. Гаурав Бидхури – Мирас Жақыпов 2:1 (48:47, 48:47, 45:50). 60 кг. Донато Козенца – Роман Щегринов 3:0 (48:47, 49:46, 48:47). 69 кг. Адам Патрик Нолан – Асланбек Шымбергенов 0:3 (47:48, 46:49, 47:48). 81 кг. Валентино Манфредонья – Хрвое Сеп 3:0 (49:46, 48:47, 48:47). +91 кг. Алессио Спахиу – Филипп Хргович. TKO R2 Бүгінге дейінгі 13 матчтың барлығында жеңіске жеткен Марат Жәкиевтің шәкірттері өз тобында 39 ұпаймен бірінші орын алды. Сондай-ақ, біздің команданың жартылай финал жолдамасын иемденіп қойғаны белгілі. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: vesti.kz.