• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
Саясат 15 Маусым, 2024

Кореяда Астана мемлекеттік қызмет хабының корей орталығы құрылмақ

95 рет
көрсетілді

Корея Республикасы Президенті делегациясының Қазақстанға ресми сапары аясында Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов пен Корея Республикасы Персоналды басқару министрі Ким Сын Хо Кореяда Астана мемлекеттік қызмет хабының орталығын құру бойынша өзара түсіністік меморандумына қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Меморандум - екі тарап арасындағы ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастық нәтижесі. Кореядағы Астана мемлекеттік қызмет хабы орталығы қызметі ынтымақтастық шекараларын кеңейтуге, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы озық тәжірибелерді таратуға бағытталады.

Тараптар осы келісім екі елдің де өркендеуі мақсатында мемлекеттік қызметтің тиімді дамуына ықпал ететін жаңа кезең болатынын атап өтті. Бұл бастама персоналды басқару саласында инновацияларды енгізу мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды қамтамасыз ете отырып, жаңа перспективаларға жол ашады.

Меморандумға қол қоя отырып, Алихан Байменов Хаб «Министрліктің Кореяда Хаб орталығын құру туралы бастамасын, бір жағынан біздің атқарған жұмысымызға, екінші жағынан Хабтың мемлекеттік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту әлеуетіне берілген жоғары баға» деп қарастыратынын айтты.