Бүгін Оралда құрбандық шалуға арналған орында газ баллоны жарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдайдан 10 адам зардап шекті, оның екеуі - жасөспірім.
«Оқиға жергілікті базарлардың бірінде болды», делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.