АСТАНА. 26 сәуір. Бүгін таңертең елімізде Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлау басталды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Кеше Орталық сайлау комиссиясының өкілдері елдегі барлық сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайын екендігін мәлімдеді.
2015 жылдың ақпан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына Үндеу жолдаған болатын.
«Әлемдік экономикалық дағдарыс пен күрделі халықаралық жағдай орын алып отырған тұста сайлау өткізу туралы жалпыхалықтық бастаманың көтерілуі - уақыт талабы», делінген болатын Үндеуде.
«Сонымен бірге, 2016 жылы президенттік және парламенттік сайлаулар бір мезгілге сәйкес келеді. Конституция нормаларын бұлжытпай орындау мақсатында екі сайлауды әртүрлі кезеңдерде өткізген жөн», деген ҚХА Кеңесі мүшелері.
Кезектен тыс сайлау барысын халықаралық ұйымдардан және шет мемлекеттерден 1024 аккредиттелген байқаушы бақылайды.
Республика бойынша таңғы сағат 7.00-де барлық сайлау учаскелері ашылды.
Құрыш Нұрымбет.
Дерек, сурет: ҚазАқпарат.