• RUB:
    5.35
  • USD:
    467.29
  • EUR:
    501.03
Басты сайтқа өту
Сенат 16 Маусым, 2024

Мәулен Әшімбаев ел азаматтарын құрбан айт мерекесімен құттықтады

60 рет
көрсетілді

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Құрбан айт мейрамына орай Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшасында құттықтады, деп жазады Egemen.kz.

«Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Адамзатты ізгілік пен ынтымаққа үндейтін бұл мереке имандылықты арттырып, рухани құндылықтарды дәріптейді. Айт күндері қоғамда кеңпейілділік, қайырымдылық және шынайы ниет салтанат құрады.

Дәл осы мейрамда мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, жүректер мейірімге бөленеді. Қамқорлық, жанашырлық, сыйластық сияқты адамгершілік қағидалары ұлықталады. Сондықтан Құрбан айт татулық пен келісімді нығайтатын және ырыс пен құтты еселейтін маңызға ие.

Баршаңызды осы мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық пен тыныштық, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!

Дұға-тілектеріңіз бен ниеттеріңіз қабыл болсын», делінген құттықтауда.